райымбек баталов биография на казахском языке

Басшылық

Раимбек Ануарұлы Баталов

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы

1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ сәулет-құрылыс академиясының «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша оқу бітірген. 90-шы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.

1992 жылы бүгіндері табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналып отырған, «Раимбек» сауда фирмасын құрды.

Қазақстанда Раимбек Баталов табысты кәсіпкер ретінде ғана емес, сонымен бірге қоғам қайраткері ретінде де танымал.

2002 жылдан Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің төрағасы.

2005 жылдан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінде қазақстандық ұлттық бөлімін басқарады.

2007 жылдан – ҚР мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі.

2009 жылдан – Қазақстанның су астында жүзу спорты федерациясының президенті.

2010 жылдан – ҚР премьер-министрінің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің мүшесі. Сондай ақ, ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесіне және Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасына кіреді.

2012 жылдан Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) кәсіпкерлік жөніндегі Кеңес комитетінің тәуелсіз сарапшысы.

2015 жылы Қазақстандық велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды.

Велоспорт, үлкен теннис, тау шаңғысымен шұғылданады. Жас кезінде су астында жүзумен кәсіби айналысқан.

Үйленген, үш ұл және үш қыз тәрбиелеп отыр.

Раимбек Баталов

Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы

Источник

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Райымбек Баталов

райымбек баталов биография на казахском языке

Баталов Райымбек Анварұлы – кәсіпкер, қоғам қайраткері 1970 жылы 21 қараша Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «құрылысшы-инженер» мамандығы бойынша оқу бітірген.

Еңбек жолы:

90-шы жылдары «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушылар кеңесіне кіріп, «Новожамбыл фософор зауыты» химиялық кешенін, Тобол элеваторын, Меркедегі қант зауытын, Шымкент ЖЭЦ-3 басқарған.

Кәсіпкерлігі:

Райымбек Баталов тоқсаныншы жылдардың басында Назарбаевпен және басқа да бірқатар қазақ кәсіпкерлерімен АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барды. Баталовтың тек жанар-жағар май құятын бекеті болған, бірақ Назарбаев оны американдықтар алдында мұнай өңдеуші ретінде таныстырды.

1992 жылы бүгінде табысты дамып келе жатқан Raimbek Group холдингіне айналған, «Раимбек» сауда фирмасын құрды. Холдинг қызметінің басты бағыттары – тамақ өнімдерін өндіру және бөлшек сауда.

Raimbek Group компаниясының құрамына кіреді: Raimbek Bottlers, Raimbek Agro, “Райымбек-Алко”, City Fair Trade, “Арзан”, Alma Prodex және т. б.

Raimbek Group холдингінің тарихы

1992 жылы “Раимбек” компаниясы елдегі алғашқылардың бірі болып Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария және Гонконгтан электрониканың көтерме және бөлшек саудасымен айналыса бастады.

1996 жылы Райымбек Баталов “Raimbek Grain” қазақстандық астығын өңдеу және экспорттау жөніндегі компания құру туралы шешім қабылдады. Біртіндеп тамақ индустриясы кәсіпорындарын құру және дамыту “Raimbek Group”холдингінің стратегиялық бағыты болды.

2003 жылы “Raimbek Group” сыртқы нарыққа шықты. Көрші Қытайда қытай нарығы үшін шырын шығаратын Raimbek Food (XINJIANG)Co. Ltd компаниясы құрылды — ҚХР-да бұл 100% жеке капиталы бар алғашқы Қазақстандық кәсіпорын болды. Бірнеше жыл бұрын зауыт Қытай кәсіпкерлеріне сатылды.

Басқа да қызметтері:

2002 жылдан бастап – Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

2005 жылдан бері – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінде қазақстандық ұлттық бөлімін басқарады.

2007 жылы – ҚР мәжілісі жанындағы қоғамдық палатаның мүшесі болды.

2009 жылдан – Қазақстанның су астында жүзу спорты федерациясының президенті қызметін атқарады.

2010 жылдан бастап – ҚР премьер-министрінің төрағалығымен үйлестіру кеңесінің мүшесі. Сондай ақ, ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесіне және Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасы төралқасына кіреді.

2012 жылдан бастап – Еуразиялық экономикалық комиссияның (Мәскеу қ.) кәсіпкерлік жөніндегі Кеңес комитетінің тәуелсіз сарапшысы болды.

2015 жылы – Қазақстандық велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды.

Бизнесмен – “Атамекен” ҰКП Президиумының шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлік Кеңесінің мүшесі, Almaty Management University қамқоршылық кеңесінің мүшесі, Enactus Kazakhstan ДК төрағасы (халықаралық коммерциялық емес студенттік ұйымның Қазақстандық филиалы), Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті.

Сондай-ақ, кәсіпкер Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, “Алматы хайуанаттар паркіне әлеуметтік көмек көрсету” қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы және Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің “Достар клубының” мүшесі болып табылады.

Хоббиі:

Велоспорт, үлкен теннис, тау шаңғысымен шұғылданады. Жас кезінде су астында жүзумен кәсіби айналысқан.

Отбасы:

Әкесі – Анвар Қасымұлы Баталов. Кәсіпкер, Raimbek Group директорлар кеңесінің құрметті төрағасы.

Анасы — Элеонора Нигметовна Баталова, “Алматыкітап баспасы” Директорлар кеңесінің төрайымы.

Бірінші әйелі – Гүлмира Баталова. Қыз Жібек” тігін фирмасының вице-президенті, Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болған.

Екінші әйелі – Ленара Баталова. Бұрынғы “Рахат Лукум” тобының әншісі.

Балалары: қыздары – Анел, Мириам, Дария; ұлдары – Искандер, Анвар және тағы бір ұлы бар.

Активтері:

Раимбек Баталов – Raimbek Milk, City Fair Tradeltd, «Раимбек групп плюс», Raimbek Alko, Food Trade House, Raimbek-Grain&Co, Good Food Сompany, Raimbek Agro, Raimbek Bottlers, «Капчагай Марина клаб», Raimbek ILM және басқа да компаниялар кіретін Raimbek Group холдингінің негізгі иесі.

Forbes сайты жасаған “Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмендер – 2018” рейтингінде 29 сатыға орналасты.

Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Тағы да оқыңыздар:

Jusan Bank Kcell ұялы байланыс операторының 9,08% акциясын сатып алды

Нұрбанктің басқарма төрағасы қызметінен кетеді

Қазақстанда лицензиясынан айырылған банк салымшыларына өтем ақша төлеуді қандай ұйым ұйымдастырады?

«САМҒАУ» бизнес-фестивалі алтыншы рет өтеді

Источник

Баталов Раинбек Анварович

Раимбек Баталов родился в КазССР, в г. Алматы.

Образование

Окончил Казахскую архитектурно-строительную академию по специальности «инженер-строитель».

Карьера

1992 г. — Раимбек Баталов основал небольшую торговую фирму «Раимбек», которая сегодня представляет собой крупный холдинг Raimbek Group.

Политическая деятельность

С 2002 г. — Раимбек Баталов является председателем совета Форума предпринимателей Казахстана, который занимается формированием благоприятного экономического климата для развития малого и среднего бизнеса и поддержкой предпринимателей.

C 2005 г. — возглавляет Казахстанскую национальную часть Делового совета Шанхайской Организации Сотрудничества.

С 2007 г. — член Общественной палаты при Мажилисе Республики Казахстан.

C 2010 г. — член Единого координационного совета под председательством премьер-министра РК. Входит также в Совет по предпринимательству при Президенте РК и в президиум Национальной палаты предпринимателей Казахстана.

С 2012 г. — Раимбек Баталов является независимым экспертом Консультативного комитета по вопросам предпринимательства Евразийской экономической комиссии (г. Москва). В своё время являлся одним из учредителей независимой премии «Тарлан» Клуба меценатов Казахстана в области литературы, искусства и просвещения.

Цитаты

Социальная ответственность

С 2014 г. — также является первым вице-президентом федерации велоспорта Казахстана, председателем попечительского совета профессиональной велокоманды Astana Proteam, главой попечительского совета фонда «Социальной помощи Алматинскому зоопарку» и членом «клуба друзей» Алматинского симфонического оркестра под управлением Марата Бисенгалиева.

Интересные факты

Раимбек Баталов увлекается велоспортом, большим теннисом, горными лыжами. В юности активно занимался подводным плаванием. С 2009 года является президентом Федерации подводного спорта Казахстана, первый вице-президент Казахстанской федерации велоспорта.

2013 г. — Раимек Баталов вошел в число 50 самых влиятельных бизнесменов Казахстана.

Раимек Баталов стал одним из разработчиков успешной программы правительства Казахстана – Дорожной карты бизнеса, которая реально помогла предприятиям МСБ выйти из кризисной ситуации.

Семья
Подробнее: http://cyclowiki.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B8%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D0%BA_%D0%91%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B2

Семь Раимбек Баталов женат, воспитывает троих сыновей и троих дочерей.

Источник

33 жылын соғысқа арнап, 77 рет жарақаттанған Райымбек батыр туралы не білеміз?

Өз заманының саясаткері, көреген мәмілегер Райымбек батыр туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Көріпкел, әулие Райымбек батыр 1705 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Албанның ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан тарайды. Атақты көкжал Хангелді батырдың немересі.

райымбек баталов биография на казахском языке

Хангелді XVIII ғасырдың І жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шыққан. Оны 1733 жылы Төле мен Қодар билер, Сатай мен Бөлек батырлар ақылдаса келе, Ұлы жүз атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші етіп жіберген. Міне, осындай атақты атасынан сабақ алған Райымбек 17 жасында садақ атуға, қылыштасуға, күресуге әбден машықтанған жас сарбаз болады.

15 жастан ол жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Өзінің күреске толы өмірінің 33 жылын соғысқа арнап, 77 рет ауыр жарақат алған. Райымбек жасағының ерлігі қазақ тарихындағы бірде-бір батырдың ерлігіне ұқсамайтыны тарихшылар тарапынан көп айтылады. Оны көбіне қазақтың Робин Гудына балайды.

Ешбір дұшпанына бой алдыртпайтын Райымбек туралы аңыз көп. Оны қазаққа қиын кезде жіберген Алланың ерекше адамы – әулиеге де балайды. Өйткені ол ешбір дұшпанынан жеңіліп көрмеген. Барлық жорықтан, соғыстан аман келген көзсіз батыр. Тіпті, оның қарсылас дұшпанының көзін байлайтын ерекше қасиеті болған деген де сөз бар ел арасында. Осындай тылсым қасиеттің Алматы қаласының ортасындағы зиратында да байқалыпты.

БЕЙІТ

Райымбек көшесінің бұрын бос жатқан жерлердің бірінде кішігірім төбешік болыпты. Ол батырдың жатқан жері екен. Аңызға сенсек, батыр «өлген соң, менің денемді түйенің үстіне салыңдар, түйе қай жерге шөксе, сол араға жерлеңдер» деген екен. Түйе осы жерге шөккен. Бірақ қала басшылығы мұндағы төбешіктерді трактормен тегістеп, құрылыс жүргізуді жоспарлайды.

райымбек баталов биография на казахском языке

Алайда көлік Райымбек батыр жатқан төмпешікке келген тұста өшіп қалады. Кері бағытқа көлік еш кедергісіз жүреді, ал қайтадан бейітке бұрып, жүруге оқталса техника тағы да өшіп қалады. Осылай бірнеше мәрте қайталанады. Ақыры ол жер «қасиетті мекен» деп мойындалып, ол жерде нысан салуға ешбір басшының жүрегі дауаламапты.

ҚАСИЕТТІ БҰЛАҚ

Кегенге бара жатқандағы жол есіңде ме? Таулардың арғы бетінен кең жазық шықпай ма? Көкпек жазығы деп едім ғой. Сол жазықтың түстігінде Торайғыр деген тау бар. Бір ұрттам суы жоқ тау болатын. Ал, жазықтың солтүстігінде сулы, шұрайлы бұғыты тауы бар. Сол замандарда Бұғыты тауын иемденіп алған қалмақтар Райымбек батырдың сарбаздарын шөлге қарай ығыстыра береді.

Бір жұтым суға зарығып, қаталап қалған сарбаздарын алып қалу керек қой. Сонда Райымбек батыр қырыққа таяған екен. Ол «су шығады-ау» деп болжаған жеріне найза қадайды, сол тұстан бүлкілдеп бұлақ шығады.

Күні бүгінге дейін жұрт «Найзасын жерге қадағанда бұлақ шықты» деп айтып, жыр қылып айтып жүргені осы. Қазір сол бұлақ киелі бастау саналады. Өзіміз барып, арнайы тоқтап, су ішіп қайтатын жердің сыры осындай.

Райымбек тек жауына найзасын сілтеген батыр ғана емес, елінің қамын ойлап, көшпелі халқын отырықшылыққа баулыған ер. Oл Aлматы облысының кей өңірлерінде қазылған тоған арқылы егін суарудың тәсілдерін тауып, халқына егіншілікпен айналысудың жолдарын көрсеткен.

райымбек баталов биография на казахском языке

БАЛА РАЙЫМБЕК

Кішкентай Райымбек екі жаста болғанда өрмелеген жылан аузына кіріпті. Сол кезде бала оның басын тістеп жұлып алып, лақтырып жіберіпті. Осы кезден-ақ баланың батыр болатыны болжанған. Расында, ол атасына еріп, соғыс тәсілдерін меңгерген тапқыр бала болып шығады.

Осылайша, Райымбек бала кезден-ақ жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Шайқас барысындағы оның негізгі ұстанымы аз шығынмен жеңіске жету болған екен, мұны қаруластары бірден байқаған.

Сөйтіп, өзіне 40 жігіт, қамыс оратын орақ, ұзын қыл арқан сұрайды. Жас баланың сұраған керек-жарағын олар береді. Жігіттерге қамысты шапқызып, оны ұзыннан-ұзын буып, қамыс белдеу жасайды. Арқанның бір ұшын қолына алып, Көкмойнағына мініп: «Мен арқанды әрі қарай алып өткенде, сіздер қамысты жылжыта итеріп отырыңыздар»,- дейді.

райымбек баталов биография на казахском языке

Райымбек қамысты тартып отырса, олар жер жағынан итере отырып, Іленің арғы бетіне шығады. Өзеннің жағасындағы жуан ағашқа апарып, қамыс белдеудің ұшын мықтап байлайды. Қайтадан өтіп, екінші шетін байлайды. Сол кезде қамыс белдеу Іленің бетінде көлденең жатады. Оны «күзер« деп атайды.

Қамыс белдеуге келіп тірелген сең мұздар бір-бірімен жабысып, қабысып, тұтас мұз бола бастайды. Түнгі суықтан қатқан мұз, ертесіне даяр өткел болып шыға келеді. Хангелді бастаған батырлар Іленің арғы бетіне сол мұзбен өтіп кетеді. Барлығы баланың тапқырлығына таң қалады.

ОЙРАНТӨБЕДЕГІ ОЙРАН

Көкойнағына мініп ойқастап, атойлап дұшпанына қарсы шапқан Райымбектің Ойрантөбедегі шайқасы тарихта ерекше аңыз болып қалған. Бұл айқас қазіргі Алматы қаласынан Нарынқолға қарай 160 шақырым жерде болған. Осы Ойрантөбеде Райымбек қалмақтың «мен» деген батырларын кезек-кезек жекпе-жекке шақырып, шетінен бірін қалдырмай қырып тастайды.

Осылайша, ол Түргенді, Сөгетіні, Ойрантөбені және Жалағашты дұшпандардан босатады. Сол кезде алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың:
Ойрантөбе ойылды,
Секер, Барақ жойылды.
Райымбек келді де,
Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді.

Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.

райымбек баталов биография на казахском языке

НАЙМАНДАРҒА КӨМЕК

Батыр бабамыз 1729 жылы белгілі Аңырақай шайқасында Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген сынды қазақтың әйгілі батырларымен бас қосып, Сары Мыңжаның әскерін талқандайды.

Одан соң батыр Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады.

КӨЗГЕ КӨРІНБЕЙТІН СИҚЫРЛЫ АДАМ

Райымбек өте жүректі адам болған. Өйткені ол үнемі жаудың ортасына күні бұрын кіріп алып, солармен араласып жүріп соғысқан. Қасына қалмақ тілін білетін батырды іріктеп алады екен де, бәрін қалмақша киіндіріп, қалмақша қару-жарақ асындырып, жауының ортасына қалмақ боп кіріп кетеді екен. Ал негізгі қолын жақын маңайға жасырып қойып, іштен өзі соғыс ашқан кезде олар да сырттан «Райымбектеп» лап қоятын болған.

райымбек баталов биография на казахском языке

Осыдан барып: «Райымбек деген көзге көрінбейді екен, оның қайдан шыға келгенін ешкім көрмейді де, білмейді де. Аты да көрінбейді, ұшады екен. Аяқ астынан шыға келеді екен» дегенді бірінен-бірі естіген қалмақтар «Райымбек!» деген ұран естілгеннен-ақ зәрелері ұша бастайтын болған.

Тіпті олар «Райымбек!» деп айқайлаған адам өлмей қалады екен дегенге сеніп, қазақтар лап қойғанда, өздері де «Райымбек!» деп ұрандап қоя беретін болған. Ақырында «Райымбек!» деп ұрандап жүргендердің қайсысы қазақ, қайсысы қалмақ екенін ажырата да алмайтын болған.

райымбек баталов биография на казахском языке

Ол кісінің, атасы Хангелдінің де көріпкелділігі туралы Қазыбек бек жазған. Аздаған болжағыштық қасиет ұрпағы Мұқағалидан да байқалған.

Райымбек батыр туралы зерттелмеген аңыз көп. Мәселен, соның бірі ағып жатқан өзеннің өзі тоқтап, екіге қақ айырылып Райымбектің қолына жол ашты деген аңыз.

Ол қалмақтармен тек соғысып қана қоймай, сан рет келісім жасап, қазақ мүддесін үнемі үстем етіп отырған. Көреген мәмілегер, өз заманына сай саясаткер болғаны ерлігі мен істерінен әрдайым көрініп тұрады.

Источник

райымбек баталов биография на казахском языке

Райымбек батыр-1705 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қайтыс болған жылы шамамен-1785 жылы Алматы қаласы.

Райымбек- батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек батыр 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т. б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге елші болып барған.

райымбек баталов биография на казахском языкеРайымбек заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жеңіске жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшыларының бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жаугершілікті заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар пайда болып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу керектігін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі қамалып келіпқалған қалмақ қолынан ығысып барып, жауынгерлері буырқанып тасып жатқан Ілеге тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін өзінен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе бүктіре отырып, ата мекенді жаудан тазартудағы ерліктері-ұрпаққа үлгі боларлықтай. Ол талай рет шағын топпен жау шебіне барып, тосыннан тиісіп, қарсы жақты ойран- топан етіп отырған. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойрантөбе шайқасы» сондай шабуылының бірі ғана.

«Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырлардың ерлік жолы Жетісу жері азат етіліп, Жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуған жеңіс жолына үлессіз келіп жалғасады. Ол осы кездің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізеді.

Райымбек батырдың ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұрпғына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Райымбек батыр Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығарып, егін ектірген.

Жазушы Ж. Тұрлыбайұлы роман, ақын М. Мақатаев «Райымбек, Райымбек» атты поэма жазған.

Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш.

Источник

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *